"Таң атпай бәріңізді шошытатын ойым жоқ. Алайда Алматы әкімдігіне, Түрксіб әкімдігіне, Бахытжан Акжаров мырзаға дұғай сәлем жолдаймын! Мынау, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Қайрат ықшам ауданы, 21, 22, 23, 24-көшелердің кранында аққан су. Бұл - ауыз су! Сонымен, мына суды ішейік пе, жоқ әлде, у ішейік пе? Бұл су құбырының жұмыс істегенінен жарылғаны көп. Кімге шағымдансақ екен, Ақордаға ма?", - деп жазды журналист.
Бірер уақыттан кейін журналист электр энергиясының жоқтығына шағымданып, аудан әкіміне сұрау салды.
"Халайық, Киевке көшем! Шын айтам! Кеше күні бойы су жоқ болған! Содан кейін келген су анау! Енді свет жоқ. Киевте ғой, свет жоқ болса тағы зымыран дейді, біз не дейміз, а? Қайрат ықшам ауданы светті Талғардан аламыз. Жел үп етсе өшеді. Газбен жылытатын пеш светпен істейді. Свет жоқ болса, жылу жоқ. Бақытжан Ақжаров мырза, проблема шешіле ме, жоқ бізде де бомба жарасыздар ма, осы, елге айтпай а?",- деп жазды журналист.
"Адырна" ұлттық порталы