Астанадағы 236 шаңырақ газсыз қалды

2434
Adyrna.kz Telegram

Елорда аудандарының біріндегі 236 үй газсыз қалды. Оған табиғи газ жеткізетін құбырдың жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында зақымдануы себеп болған. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы "КазТрансГаз Аймақ АҚ"-қа сілтеме көрсете отырып хабарлады. 

"28 қараша күні сағат 18:40-та "Газовик" құрылыс техникасымен жер қазу жұмыстарын жүргізілді. Жұмыс барысында Шұғыла көшесі, №24 мекенжайындағы диаметрі 225 миллиметр орташа қысымды газ құбыры зақымданды. Бұл ГРПШ - 14,15,16-ға (газ реттеу пункттерінде, шамамен) табиғи газ беруді қамтамасыз етеді. ред.). Осының нәтижесінде "Көктал-1" ауданында газ беру толығымен тоқтатылды. Газ жетпей отырған 236 абонент бар", - делінген хабарламада.

Хабарламада, сонымен қатар, авариялық жағдай қалпына келгеннен кейін газ қайта берілетіні атап өтілді. Зардап шеккен үйлердің тұрғындарынан газды есепке ау құралдарына (есептегішке) дейінгі апаттық крандарды толық жабу сұралды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер