"Әділ мемлекет құру үшін - шалдың жүйесін өзгерту керек!" - депутат Еділ Жаңбыршин

10281
Adyrna.kz Telegram
Әділдік пен туралықты ту еткен депутат, киелі Маңғыстау өңірінің өндір азаматы Еділ Жаңбыршин салауатты Қазақ елінің шаңырағын нық ұстау үшін қажетті әділдік ұстындарынан сөз етті. Депутат әділ мемлекет құру жолдарын жіктеп, өткір ойымен бөлісті. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 
"Әділдік құру үшін!
1. Әділ мемлекет құру үшін - шалдың жүйесін өзгерту керек!
2. Әділ экономика құру үшін - қыз-күйеудің жүйесін бұзу керек!
3. Әділ қоғам құру үшін - інісінің сектасын жоқ қылу керек!…
Еділ Жаңбыршин
29.11.2022 жыл", - деп жазды депутат-азамат.
Еділ Жаңбыршин депутат болып сайланғалы қоғамдағы қордаланып қалған мәселелерді ашық айтып, ерекше көзге түсті. Депутат қашан да өзінің тікмінезі мен турашылдығын елінің даму жолына жұмсауға ниетті.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер