"Екібастұздағы ТЭЦ-тың иесі Клебанов деген азамат дейді. Жемқорлар жазасын тартуы тиіс". Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров өзінің фейсбук парақшасында қалдырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Жемқорлар жазасын тартуы тиіс. Клебановтың тасасында кім тұр?! Еліміздің энергетикалық активтеріне аудит жүргізіп, осы игіліктерді әділетсіз иеленіп, түскен қаржыны жаңғыртуға салмай, өз қалтасына салған нақты азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылуы қажет. Мысалы, Екібастұздағы ТЭЦ-тың иесі Клебанов деген азамат дейді. Біріншіден, мұндай мемлекет үшін стратегиялық объект жеке адамның иелігіне қалай өтті? деген заңды сұрақ туады. Ондаған жылдар бойы Клебанов тәрізділдер және оның сыбайластары халықтан түскен ақшаны, ұялмай-қызармай, өз қалтасына салып отырған ба? Егер олай болса, Ұжымдық Клебановтардың сыбайластары да жазадан құтылмауы қажет", - деп жазды депутат.
"Адырна" ұлттық порталы