Мультимедиа

Жастар жылынан не күтеміз?

25.12.2018
5090

"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкір "Алматы" арнасының "Ақшам алаңы" бағдарламасына сұхбат берді. 

Сұхбат барысында жастарға қатысты түрлі мәселелер айтылады. Оның  ішінде ұлттық тәрбие мәселесіне ерекше назар аударылған.

Сондай-ақ, ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" қолдауымен атқарған #JasQZ жобасы туралы да сөз болады.

"Өсіп келе жатқан жас толқын тылдан келетін тың күш тәрізді. Екпінді, тегеурінді сол күште тек тәжірибе жетіспейді. Бағыт-бағдар беріп, дұрыс жолға салса, қазақты дамытатын, мықты елдердің қатарына қосатын осы жастар болмақ. Ол үшін жастарға ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, жаңа заман ғылыми техникаларын игеруге үндейтін идеология қажет" дейді Арман Серікұлы.

Пікірлер