Теңбіл доп шебері Криштиану Роналду бразилиялық клубқа ауысуы мүмкін

1083
Adyrna.kz Telegram
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бразилиялық "Фламенго" футбол клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Veja  басылымына сілтеме жасай отырып, Prosports.kz хабарлайды.

"Фламенго" басшылығы Роналдуға келісімшарт ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр. Роналдумен келіссөз әлі басталған жоқ, бірақ клуб қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін Роналду британиялық журналист Пирс Морганға даулы сұқбат беріп, "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартын бұзғаны белгілі болды. 37 жастағы ойыншы осы маусымда 16 матчқа қатысып, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket