Жаңатаста «Қазфосфат» жұмысшылары ереуілге шықты

3567
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 25 қарашада Жамбыл облысы Жаңатас қаласында «Қазфосфат компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Олар басшылықтан жалақыны 100 пайызға өсіріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр. Айтуларынша, ескі құрал-жабдықтардың салдарынан кеніште жазатайым оқиғалар жиі болады. Бұған дейін бірнеше жұмысшы қаза тапқан.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша 20 ерікті қызметкерден тұратын жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеп, әкімнің жағдайды жеке бақылауына алғанын атап өтті.

Бұған дейін Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС жұмысшылары да ереуілге шыққан болатын.

Айта кетейік, «Қазфосфат» ЖШС құрылтайшылары Нидерландыда тіркелген Kazakhmys Resources B. V. компаниясы, сондай-ақ Нұрлан Нығматулиннің ұлдары – Нұрхан және Нұржан Нұрлановтар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер