Спорттағы қандастарымыздың жат ағымға ілескендері жетерлік

2457
Adyrna.kz Telegram

Спорттағы қандастарымыздың жат ағымдарға ілескендері жетерлік. Ауыр болса да, осыны мойындамасқа амалымыз жоқ. Бәрі де ренжулі, өкпелі жігіттер. Бір нәрсені дәлелдей алмай жүрген, істей алмай мазасы қашқан жігіттер.

Есі дұрыс, өзіне сенімді азамат ешқашан ағымның есігін ашпайды немесе қақпайды.

Рас, Ханафи мәзһабын ұстанатын жігіттер де көп. Бірақ менің білуімше, жат ағымдықтар қармағына түсіретін жанды алдайтын көрінеді, қызықтыратын сияқты, қатарларына тарту үшін ештеңеден тайынбайтын сияқты.

Ертерек өкініп, дұрыс жолын тауып жатқандарда бар. Алайда, беті бері қарамайтындар да аз емес. Олардың бәрі – әлсіздер!

Дұрысы, төл дініміздің жолымен, ата-бабаларымыздың өсиетімен, қалып келе жатқан тариxи кұндылықтарымызды жоғалтпай жүрген абзал. Арабтың немесе парсының дәстүрі мен сөзін бізге әкелудің түк те керегі жоқ деп есептеймін жеке оз басым. Өзіміздің түбі терен, керемет тариxымыздың барында, атадан-балаға келе жатқан үзілмеген, ұлттық салт-дәстүріміз бен ана сүтімен келген, ғажайып осындай өз ана тіліміз барында, бізге ешкімге еліктеудің керегі жоқ.

Бақтияр АРТАЕВ,

Олимпиада ойындарының жеңімпазы

Пікірлер