Смайылов еліміздегі энергетикалық нысандарды жекешелендірудің негізділігін тексеруді тапсырды

3168
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР үкіметінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

Әлихан Смайылов экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ҚР үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Адырна” ұлттық порталы.

Қатысушылар бұрын квазимемлекеттік сектордан бәсекелестік ортаға жеңілдетілген бағамен өткен қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады. Қазір бұл факті бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы және цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысатын бірқатар компанияларға қатысты монополияға қарсы әрекет ету шаралары қарастырылды.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Бас прокуратураға еліміздегі бірқатар энергетикалық нысандарды жекешелендірудің негізділігін тексеруді тапсырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер