“Оларды тыңдаудың қажеті жоқ”: Песков Қазақстан туралы мәлімдемеге түсініктеме берді

3789
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы ресейлік телеарналарда қозғалған Қазақстанға қатысты мәлімдемелерге пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан «Россия 1» арнасындағы «Вечерний Владимир Соловьев» бағдарламасында айтылған мәлімдемелер Кремльдің ұстанымымен қаншалықты сәйкес келетінін сұрады. Жауаптың видеосын Әділ Балтабаев телеграм-каналында жариялады.

«...Бұл саясаттанушылар ешбір жағдайда үкіметтің ресми бағытын көрсетпейді және Кремльдің ресми бағытын көрсетпейді... Оларды тыңдаудың да, қараудың да қажеті жоқ.

Әртүрлі адамдар бар, әртүрлі көзқарастар бар. Олардың ресми билікке еш қатысы жоқ», - деді Песков.

Айта кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ресейлік федералды арнадағы сарапшының Қазақстанды «Украинадан кейінгі мәселе» деп атаған мәлімдемесін айыптаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер