Ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің отбасына пәтер мен білім гранты берілді

8955
Adyrna.kz Telegram
Бүгін қаралы қауым халқының амандығы жолында отқа оранып, ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинді соңғы сапарға шығарып салды. Қайғылы қоштасу Көкше жерінде, 22 қараша күні өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Асқар туған жерінде, Казгородок ауылында жерленді. Сағат 12:00-де республика бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде өрт сөндірушіні бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елорда көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.

18 қарашада оның отбасына үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

Сафи Өтебаева атындағы Атырау Мұнай және газ университеті Асқар Забикулиннің балаларына арнап грант тағайындады. Олар мектепті бітірген бойда кез келген бакалавриат мамандықтарына түсе алады. Сонымен қатар, батырдың балалары университеттің жатақханасында тұрап, оқу орны базасындағы жазғы IT-лагерьге, жазғы тілдік мектепке бара алады.

Асқардың жұбайы үшін "Адам ресурстарын басқару"мамандығы бойынша МВА-да оқу гранты бөлінді. Аталмыш толық грантты Almay универститеті ұсынып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер