Жұмыссыз жастарға шығармашылық қабілетті дамыту тұрғысынан курс өтті

381

"Адырна" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен онлайн курс өтті.

Курс спикері белгілі журналист Нұрлан Наурызалиев, шығармашылық қабілетті қалай дамыту қажеттігін үйретті.

Аталған іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсыры аясында, "Адырна" және "Ақ тілек" қоғамдық қорының серіктестігінің ұйымдастыруымен өтті. Шараға жұмыссыз жастар, бітіруші студенттер қатысты.

Іс-шараның мақсаты - көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.

Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері туралы кездесу болды.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болды.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket