"Серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын": Си Цзиньпин Тоқаевты жеңісімен құттықтады

2256
Adyrna.kz Telegram

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Қазақстан халқының Сізге деген сенімін және Өзіңізді толық қолдайтынын білдіреді. Сіздің бірегей басшылығыңызбен еліңізді реформалауға бағытталған барлық бастамаңыз табысты болатынына және Жаңа Қазақстанды құру ісі ілгерілейтініне сенімдімін. Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беремін және дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толған уақытта сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын", – деп жазылған жеделхатта.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер