Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Baq.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Бұл – бірліктің озық үлгісін көрсеткен барша отандасымыздың ортақ жеңісі! Осылайша халық өзгерістер мен реформаларды қолдап, тарихи таңдау жасады және Әділетті Қазақстан құру үшін дауыс берді. Енді алдымызда қуатты және демократиялы Қазақстан құру жолындағы маңызды міндеттер тұр. Соның бәрін табысты іске асыру үшін әрі қарай да Президентіміздің маңына топтасу аса маңызды. Осы ретте Қасым-Жомарт Кемелұлын және әділеттілік үшін дауыс берген Мемлекет басшысының барша жақтастарын бүгінгі айқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймын!", - деді Мәулен Әшімбаев.
"Адырна" ұлттық порталы