"Халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі": Назарбаев Тоқаевты жеңісімен құттықтады

4624
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/61f556f9192b5416722789.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі. Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін», – делінген Тұңғыш Президенттің құттықтауында.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии