"Біздікілер "Макдональдс" кетеді деп еді, ахлеп-ухлеп өзеурей бастады. Кетсе, кетсін!" - Лукашенко

3174
Adyrna.kz Telegram

БАҚ-та Беларусьтегі "Макдональдс" ресторандарының жуық арада ресейлік «Вкусно – и точка» брендіне ауыстырылатындығы жайлы ақпарат тарады. Халқының "Макдональдс" өнімдеріне қимастық танытқанын аңғарған Александр Лукашенко қапаланып, бұған қатысты арнайы пікір білдірді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

 - Мен неге үнемі сіздерді төл өнімдерімізді тұтынуға шақырамын. "Макдональдс кетеді" деп еді, жастар да, тіпті, ересек қауым да ахлеп, ухлеп, өзеурей бастады. Кетсе, кетсін! Бірақ олардың орнына беларусьтер келуі қажет... Біз олардан екі есе жақсысын жасаймыз. Біздікілер не, бәлішті екіге дөп кесе алмай ма? Оның ішіне кесілген етті, картопты, салатты тықпыштай алмай ма? Құдай-ау, кім мұны жейді? Тіптен таңым бар, - деп ах ұрды Беларусь басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер