Алматыда ШОБ субъектілерінің саны 30% - ға өскен - Тоқаев

1891
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік астанадағы өңдеу өнеркәсібінде өсім  13,9%-ды көрсетіп отыр.  Сонымен қатар, жыл басынан бері Жыл басынан бері қала экономикасына 930 миллиард жеке инвестиция тартылып, мұндағы көрсеткіштен  өсімнің 20% - ға жуықтағанын байқауға болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Алматы жұртшылығымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда шаһарда кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді-жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 30% - ға өскенін байқауға болады.  Қала тұрғындарының басым бөлігі аталмыш салада еңбек етеді.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда барлық инвестициялардың шамамен 70% – ы тек үш салаға-жылжымайтын мүлік, көлік және саудаға тиесілі.

Мемлекет басшысының айтуынша, экономиканың төмен әртараптандырылуы қала тұрғындарының табысының өсуінің баяулауына алып келеді.

«Қала «орташа табыс тұзағына» түсті, одан шығу үшін экономиканы терең әртараптандыру қажет. Өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT-секторды және креативті индустрияларды дамытуға баса назар аудару қажет»,- деді Президент.

Кездесу барысында Мемлекет басышысы бәсекелестікті ынталандыру, инвестицияларды тарту және еңбек өнімділігін айтарлықтай арттырукеректігін ескертті.

«Қалалық жағдайда өңдеу өнеркәсібін дамыту процестерді жоғары автоматтандырумен және цифрландырумен заманауи экологиялық жәнеактам технологияларды пайдалана отырып жүргізілуі тиіс. Алматының индустриялық аймағы мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің әлеуетін толық көлемде іске асыру қажет. Мұнда 20 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен мыңнан астам өндірісті орналастыру жоспарлануда»,- деп қорытындылады Тоқаев.

 

Пікірлер