Трамп АҚШ-тың президенттігіне кандидатурасын ұсынуға өтініш берді

2639
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/a9580663-3e77-49dc-bacf-bdf8cdb32c7a.jpeg

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының президенттігіне кандидатурасын ұсынуға өтініш берді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Жарияланған өтініш формасына сәйкес, Трамп 2024 жылғы президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелді.

Трамп 15 қарашада Мар-а-Лагода Конгресстің аралық сайлауы қарсаңында «үлкен хабарландыру» жариялады. Бұған дейін саясаткер Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында

оның сөзі «ел тарихындағы маңызды күндердің біріне айналады» деп жазған.

Еске салайық, 2020 жылы Трамп сайлауда жеңіліп қалды. Алайда Трамп сайлау нәтижелерімен және оның жеңілісімен келіспеді. Осы күнге дейін ол Байденнің өз дауыстарын заңсыз алғанын және дауыс беру нәтижелерін бұрмалағанын айтады.

Комментарии