Алматы қаласында кәсіпкерлік нысандары бойынша баспасөз туры өтеді

2696
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/2081dae0fd20ce9646d1652f0fcbaf1e_resize_w_1140_h_696.jpg
16 қараша 2022 жылы «Даму» Қоры бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдауға ие болған Алматы қаласының кәсіпкерлік нысандары бойынша баспасөз турын өткізеді. Турға қатысушылар «Каз-Диа-Тест» ЖШС фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыты, «KazTigerTape»( Каз Тайгер Тэйп) жабыстырғыштардың барлық түрлерін шығаратын компаниясы, және «Нептун Engineering» ( Нептун Инженеринг) металл бұйымдарын өндіретін компанияның жұмысымен танысады. Құрметті журналистер, сіздерді баспасөз турына қатысуға шақырамыз. Сіздерден ертерек аккредиттеуден өтулеріңізді сұраймыз. Өтетін күні: сәрсенбі, 16 қараша 2022 жыл, жиналу сағат 9:30 Жиналатын орын: Наурызбай батыр, 8 (БО Коба) Аккредиттеу мәселелері бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз +7 747 633 82 55 +7 775-144-02-23 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ www.damu.kz

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии