"Amazon" он мың қызметкерін жұмыстан шығармақшы

2332
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың алпауыт "Amazon" компаниясы осы аптадан бастап он мың қызметкерін нәпақасынан қағуды ниет етіп отыр. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы "The New York Times" басылымына сілтеме көрсете отырып хабарлайды. 

Қазір қандай бөлім мамандарының қызметтен қағылатыны белгілі болды. Алдымен, техникалық бөлімдегі компанияның жеке құрылғыларын өңдейтіндер,  кадр және сату санатындағылар қызметімен қош айтыспақ. Жалпылама айтқанда, корпоративтік қызметкерлердің шамамен үш пайызы жұмыстан шығарылады.

NYT-нің пайымдауынша, мұндай шара компания тарихындағы ең ірі құбылыс. Жұмыскерлер бұрын-cоңды болмаған қысқартуға ұшырайды. Жұмыстан босату кезең-кезеңімен жүреді.

Бұдан бұрын америкалық Meta Platforms корпорациясында он бір мың маманның жұмыстан шығатыны мәлім болған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер