“Маған қазақ тілін үйретті”: Имам Маханов туралы шындықты айтты

3061
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Түйе шаруашылығын жандандырып жүрген кәсіпкер Өтеміс Маханов туралы ауылдасы Әбілқасым Имам Мұсаұлы “Адырна” ұлттық порталына айтып берген болатын. Ол кәсіпкердің өтірік айтпайтынын, халыққа көп жақсылық жасап, мешіт салып бергенін де айтқан еді. Сол мешітке имам еткен Абдоллаұлы Әмидолла да редакциямызға видео жолдады.

Оның айтуынша, Өтеміс Махановтың мешіт салғаны мен оны имам етіп тағайындағаны рас.

“Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы Оспанқожа ата мешітінің имамымын. Видеоға түсірудегі себебім - жақын арада Әбілқасым ағаның видеосын көрдім. Сол жерде ауылдың имамы болған деп менің атымды айтты. Мен 1993 жылы отбасыммен Иран ислам республикасынан көшіп келдік…

Мені құран оқығанымды байқап қалып, Өтеміс ағамыз мені әкемнен сұрап, мешітіне “имам болсын” деді. Сол кезде көп адамға көмек қолын созды”,- деді имам.

Сондай-ақ, Өтеміс Маханов имам Әмидоллаға қазақ тілін үйренуге септігін тигізген. Одан бөлек, мешіттің барлық жағдайын жасап, кітаптармен қамтамасыз еткен. Имам кәсіпкерден жақсылығын екі дүниеде де ұмытпайтынын атап өтті.

Сөз соңында имам ҚМДБ-ның төл компаниясымен қажылыққа барсаңыз, жақсы қызмет жасайтынын айтып, қажылыққа осы компаниямен баруға шақырды.

Айта кетейік, халық арасында резонанс тудырған сұхбаттан кейін Өтеміс Махановты  “дінбұзар” деп атағандар да болды.

Пікірлер