"Стамбұлдағы жарылыс біздің елге де сигнал, қара жамылған қарғалар көбейді" - Айгүл Орынбек

2834
Adyrna.kz Telegram

"Стамбұлдағы жарылыс бұл біздің елге де сигнал! Қара Ниқаб киюді, бет тұмшалауды заңмен шектеу керек". Бұл пікірді белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек өзінің фейсбук парақшасында қалдырды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Стамбұлдағы жарылыс бұл біздің елге де сигнал! Стамбұлдағы жарылысты әйел адам жасаған деп отыр! Соңғы уақытта біздің елде тик-ток әлеуметтік желісінде қара жамылған қарғалар көбейіп кетті деп дабыл қағып келемін. Дабыл қағуым бекер емес! Отырып алып уағыз айтуларынан бөлек құдды өз уақыттарын күтіп, бір нәрсеге дайындалып жүргендей көремін. Қолдарына қару алулары да бекер емес! Парламент депутаттары шұғыл түрде Мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін қара Ниқаб киюді, бет тұмшалауды заңмен шектеу керек! Құзырлы органдар жұмыс істеу үшін оларға заң керек Кеш болмай тұрып, тиісті заң шығарып бізде миы уланған зомбиларды елімізден тазартайық!", - деп жазды Айгүл Орынбек. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер