Ыстамбұл орталығында жарылыс болып, 4 адам қаза тапты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Ыстамбұлда Ресей консулдығы маңындағы Истикляль көшесінде жарылыс болып, адамдар зардап шекті" – делінген ресми хабарламада.Алдын ала мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдың орталығындағы жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 38 адам зардап шекті. Бұл туралы Стамбул губернаторы Әли Ерликая өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Жарылыстың себебі әлі белгісіз.