Тарихи күн: Херсон халқы даңқты жеңісін тойлатып жатыр

2439
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Херсон қаласын басқыншылардан азат етіп, орталық алаңға жеңіс байрағын тіккен азаматтардың видеосы тарады. Украина қарулы күштерінің даңқты жеңісін тойлағандардың қуанышында шек жоқ. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

"Украина жасасын!", "Қаһармандар жасасын!" лепесі бүгінгі Херсон халқының ұлы ұранына айналғандай. Қала халқы Украина қарулы күштерінің даңқты жеңісін тойлатып жатыр.  Олар орталық алаңдар мен қала ғимараттарына Украина туын тігіп, сүйіншілету үстінде.

Басқыншылар су, электр жүйелері мен кәріздерді жарып кеткен. Әзірге қала жарықсыз, су жоқ.  Дегенмен Херсон қаласы тұрғындарының көңілінде тоқтық бар.

Естеріңізге сала кетейік, Херсонға бет бұрған Украина әскеріне қарата В. Зелинский күні кеше:

"Бүгін - тарихи күн. Біз Херсонды қайтарып аламыз. Біздің сарбаздар дәл қазір Херсонға табан тіреуге даяр. Аз қалды, қалаға аяқ басамыз. Арнайы жасақтар қала ішінде жүр. Херсондықтар мұны асыға күтті. Украинадан еш бас тартпады. Украина үнемі артқан сенімді ақтайды, өзіне тиесілінің жолында жан аямайды", - деп айтқан-тұғын.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер