«Сіз кімсіз, мистер Қажыкен? Артыңызда кім тұр?» – кандидат қарсыласының тосын сауалына жауап берді

761

Президенттікке үміткерлер арасында өткен теледебат барысында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған кандидат Салтанат Тұрсынбеков мен «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан ұсынылған Мейрам Қажыкен өзара пікір жарыстырды. Ой-аламанында тартысқан кандидарттар бір-біріне өткін сұрақ қойып, өз ұстанымдарын анық танытты. 

Салтанат Тұрсынбекова «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан ұсынылған Мейрам Қажыкеннен «Сіз кімсіз, мистер Қажыкен? Сіздің артыңызда кім тұр?» деп сұрады. Ол Қажыкеннің бұрын-соңды қоғамда көзге көп түспегенін алға тартты. Мейрам Қажыкен бұл сауалдың жауабын кәсіби қызметімен ұштастырып, сайлауға түсуін 1,1 миллион адам мақұлдағанын айтты.

- Мені менің әріптестерім, оның ішінде ғылыми конференциялар, жарияланымдар арқылы шетелдік әріптестерім таниды. Мен кәсіби ортада танымалмын. Ал менің артымда кім тұрғанына келсек, менің артымда кәсіподақтар тұр. Мені кәсіподақ ұсынды. Менің президент сайлауына түсуімді 1,1 миллион адам ұсынды. Мен олардың үмітін ақтауым қажет», - деді Мейрам Қажыкен.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстан президенттігіне кандидаттар мен олардың өкілдері арасында телевизиялық дебат өтіп, үміткерлер өз бағдарламаларын халықпен бірге талқылады.

"Адырна" ұлттық порталы  

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket