СҚО-дағы түрмеде төбелес болып, 1 адам көз жұмды

2960
Adyrna.kz Telegram

9 қараша күні СҚО Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде төбелес болып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«1994 және 1976 жылы туған сотталғандар арасында жанжал болды, оның барысында сотталғандардың бірі екіншісінің басына соққы жасаған.

1976 жылы туған жәбірленуші Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимастан қайтыс болды»,—делінген хабарламада.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша (Кісі өлтіру) тіркелді.

Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер