Смайылов: Халқымыздың дәстүріне жатпайтын "Хэллоуин" мерекесін қолдамаймын! (ВИДЕО)

2668
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізде Хэллоуин мерекесін қолдамайтынын жеткізді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Менің ойымша, Хэллоуин деген мереке біздің халқымыздың мәдениетіне, дәстүріне сай келмейді. Мәселе - мерекеде емес, мәселе - жастарға қандай тәрбие береміз. Біз рухани құндылықтарды, өзіміздің ұлттық тәрбиемізді жастарға беруіміз керек. Ол үшін бұл жұмыс отбасы шеңберінде, мектепте және жалпы қоғамда жүргізілуі тиіс. Сондықтан өз басым бұл мерекені қолдамаймын. Неге десеңіз, бұл біздің халқымыздың дәстүріне жатпайды", - деп жауап берді Премьер-министр.

Пікірлер