Ливандық блогер қазақтың бешбармағын дайындап көпшілікті тәнті етті

2871
Adyrna.kz Telegram
Фото: tiktok.com/@abir.sag
Фото: tiktok.com/@abir.sag

Ливандық блогер, бас аспазшы Абир Эль Сагир әлеуметтік желіде әлем елдерінің ұлттық асын дайындаумен танылған. Ол бұл жолы оқырмандарына қазақтың ұлттық асы бешбармақтың әзірленуін көрсеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бешбармақ дайындаған Абир Эль Сагирдің ТикТок желісіндегі видеосы 5 миллионнан аса қаралым мен 18 мыңнан астам пікір жинаған. Сондай-ақ, ол қазақтың ұлттық асы түсірілген видеоны Құрманғазының "Адай" күйімен көркемдеді.

Аталмыш видеоға әлеуметтік желіде қазақстандықтар жаппай пікір қалдыра бастады.

“Керемет", "Бешбармақ дайындау үшін қазақтың әнін қосып, туын тапқан. Жарайсың", "Қазақстан жайлы осылай видео жариялағаныңыз үшін рахмет", "Сізге алғысым шексіз", - деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер