Кремль Путиннің Тоқаевпен кездесуді жоспарлап отырғанын хабарлады

4504
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/12361385.jpg
Путин Тоқаевпен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Песковтың хабарлауынша, екі ел президенті Орынборда өтетін мемлекетаралық іс-шаралар аясында кездесуі мүмкін.
"Байланыс орнату шынымен де жоспарлануда.  Біз бұл туралы әлі хабарлаймыз. Дайындық жүріп жатыр" - деп жауап берді Дмитрий Песков журналистерге.
Оның айтуынша, Кремль жақын арада "хабарландыруды уақтылы жеткізеді".

"Адырна" ұлттық порталы 

   
Комментарии