Ресей 8 ай ішінде КСРО-ға қарағанда екі есе зор шығынға ұшырады - Украина

1009

Ресей Украинамен соғысқан 8 айда зор шығынға ұшырады. Олар 10 жыл Ауғанстанмен арпалысқан КСРО-ға қарағанда екі есе көп ұшақ жоғалтты, деп мәлімдеді Украина қарулы күштерінің Бас қолбасшысы. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 

"8 ай бойы Украинада құрдымға кеткен Ресей ұшағының саны - 278. КСРО 10 жыл ішінде, Ауғанстанда, 118 ұшақтан қаңылтырын құшып қалған еді.  Бұл - Ресей үшін ұят тірлік. Бұл Ресейдің құлдырауына себеп болатын көрсеткіш!",- деп жазды Украинаның бас қолбасшысы Валерий Залужный.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket