Жанболат Мамай үйқамаққа ауыстырылды

3633
Adyrna.kz Telegram

«Демократиялық партия» құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі, саясаткер Жанболат Мамай сот шешімімен үйқамаққа босатылды. Бұл туралы оның әйелі Инга Иманбай айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жанболатты шығарып алуға бара жатырмыз. Бүгіннен бастап үйқамаққа ауыстырылады, бұйырса. Алдымызда сот болады. Барлық қолдаушыға рақмет»,—деді белсендінің жұбайы.

Айта кетейік, Жанболат Мамайдың үстінен Қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктерге және жалған ақпарат таратуға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.

 

Пікірлер