Рамиль Мухоряповтың үстінен ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін іс қозғалды

2326
Adyrna.kz Telegram

Алматы қалалық ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы тұтас қазаққа күйе жаққан кәсіпкер  Рамиль Мухоряповқа қатысты "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік, дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны жөніндегі ақпаратты растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz порталына сілтеме көрсетіп. 

"Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасында Алматы қалалық полиция департаментінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелген іс бар", – деп жазды Zakon.kz.

Сонымен қатар,  полиция департаменті қылмыстық істің барысы прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін екенін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер