Қостанайда 17 жасар жасөспірім жоғалып кетті

3463
Adyrna.kz Telegram
Қостанай полицейлері жоғалған 17 жасар Ирина Сергушованы іздестіріп жатыр. Анасының айтуынша, Ирина 2022 жылдың 29 қазанында үйден шығып, кейін қайта оралмаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ирина еуропалық келбетті, бойы, шамамен, 170 см, орта денелі, сұр-көк көзді, қара шашты.

Оның үстінде қара күрте мен қалпақ, қара колготки мен жемпір, ақ кроссовка болған.

"Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екенін білетіндер полицияға 102 телефоны арқылы хабарласуын сұраймыз", - делінген хабарламада.

Деректерге сенсек, 2022 жылы 186 кәмелетке толмаған жасөспірім із-түзсіз жоғалған. Оның 176-сы табылды, өзге алтауын іздеу жалғасып жатыр. Оның екеуі Шымкентте, біреуі Ақмола, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында жоғалып кеткен.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер