"Тез сауығып кет, папа!": Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

8847
Adyrna.kz Telegram

Жансақтау бөліміне түскен белгілі ақын Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Ztb.kz хабарлауынша, Министр Ажар Ғиният оның денсаулығына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Жүрсін ағамыздың денсаулығы толық бақылауда, ауру асқынып, сепсиске айналыпты. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем жасалуда. Уақыт пен сабыр керек екен.

Сондай-ақ, ақынның қызы бүгін әкесімен түскен суретін Жүрсін Ерманның инстаграм парақшасында жариялап "Алла шипасын берсін! Тез сауығып кет, папа!", - деген жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені туралы хабарды айтыскер ақын Дидар Қами жеткізіп,  “Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз. Сіздер де дұғаларыңызға қосып, ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен”, - деп жазған болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ерман Жүрсін Молдашұлы (@zhursin_yerman)

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер