«Жолақысына келіспеген»: Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті ұсталды

3715
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“27 қазан күні сағат 17.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне Учительская көшесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 59 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына облыстық Полиция департаменті және қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жіберілді. Полиция қызметкерлерімен жәбірленушінің такси жүргізушісі болып жұмыс істегені анықталды”,- делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

“Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол жүргізушіге жол ақысына келіспеушілік барысында пышақ жарақатын салғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Кейін күдікті таксиді айдап кетіп, ЖБИ ықшам ауданына барар жолдағы теміржол өтпесінің жанына тастап кеткен”,- делінген хабарламада.

Пікірлер