Кореяда Хэллоуин тойлаған 146 адам ажал құшты

3422
Adyrna.kz Telegram
Фото: EPA/Vostock-photo
Фото: EPA/Vostock-photo

Сенбі күні Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде тапталып қалған 140-тан астам адам қаза тапты. Кореяның бұұаралық ақпарат құралдары  жарақат алған 100-ге жуық адам бар екенін жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қайғылы жағдай Сеулдің Итхэвон ауданында болды.

Ел президенті Юн Сок Ёль бірнеше мәрте шұғыл жиналыс өткізді. Ол зардап шеккендерге дереу алғашқы көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ Итхэвонға жедел медициналық көмек мамандарын аттандыруды, шұғыл көмек көрсетілетін төсек-орындар дайындауды жүктеді.

«Басты басымдық – науқастарды тасымалдау және құтқару, сондай-ақ зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету», - деді Кореяның президенті.

Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде адамдардың үлкен тобы Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптаған.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер