Үшауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі - Аймағамбетов

2342
Adyrna.kz Telegram

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен Ақмола облысындағы Қосшы қаласына барып, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жаңа мектептердің құрылыс барысымен танысты.

"Қосшыдағы үшауысымды мектептер мәселесі қалай шешіліп жатқанын, жаңа мектептердің құрылыс жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын тексердім. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынатын жаңа мектептердің қайда орналасатынын қарап шықтым. Қазір Талапкер ауылындағы мектепке және басқа да елді мекендерге баруды жоспарлап отырмын. Онда «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жаңа мектептер салынады. Президенттің тапсырмасы бойынша дайындалған жобаның арқасында оқушы орындарының тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі".

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Askhat Aimagambetov (@aimagambetov)

    "Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер