ТМД елдері қашқын жемқорларды бір-біріне беруге келісті

2165
Adyrna.kz Telegram

ТМД елдері қашқын жемқорларды бір-біріне беруге келісті. Мәселе 14 қазанда өткен басшылар кеңесінің кезекті отырысында қаралды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжат 2008 жылы әзірленіп, тек 2022 жылы ғана тараптар соңғы нұсқасын келісіп, жоғары деңгейде қол қойған.

«Келісімнің қолданылуы сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге ықпал ететін үйлестірілген және келісілген іздестіру іс-шараларын және басқа да шараларды жүргізуге мүмкіндік береді»,— делінген хабарламада.

Пікірлер