Путиннің басшылығымен жаппай ядролық соққы жаттығулары өткізілуде - Шойгу

1130
Фото: theins.ru
Фото: theins.ru

Владимир Путиннің жетекшілігімен қарсыластарының ядролық соққысына жауап ретінде жаппай ядролық соққы беру жаттығулары жүргізілуде. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгу мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жолдас Жоғарғы Бас қолбасшы, Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін даярлау жоспарына сәйкес сіздің (Путиннің) басшылығыңызбен Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін басқару бойынша оқу-жаттығулар жүргізілуде. Оның барысында стратегиялық мақсатпен жаппай ядролық соққы беру міндеттері орындалуда. Қарсыластың ядролық соққысына жауап беретін шабуыл күштері пысықталатын болады», - деп ресейліктер мемлекеттік агенттіктер Шойгудың сөзін келтіреді.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket