Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 млн еуро қарыз алады

3017
Adyrna.kz Telegram
Фото: rg.ru
Фото: rg.ru

Халықаралық қайта құру банкі Қазақстанға 345 млн еуро қарыз береді. Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды, “Адырна” тілшісі.

“Биыл шілдеде 345,7 млн еуро қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда, жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді", - деді Жамаубаев мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстанған 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен және 11,5 жыл өтеу мерзіміне беріліп отыр. 

Сыйақы мөлшерлемесі Еурибор+айнымалы спред, біржолғы комиссия қарыз сомасының 0,25 %-ін, резервке қойғаны үшін комиссия қарыз қаражатының игерілмеген қалдығына жылдық 0,25%-ті құрайды.

Айта кетейік, ақша қарыз туралы келісім күшіне енгеннен кейін бірыңғай транш түрінде бөлінеді.

Пікірлер