Шекараны бұзған шетелдіктер ұсталды

2802
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Мемлекеттік шекараны бұзған шетелдіктер ұсталды. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 22 қазанда «Жасөркен» шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан біздің елдің аумағына Мемлекеттік шекараны бұзып өткен төрт шетелдік азаматты ұстаған.

Құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК Шекара қызметі Алматы қаласының прокуратурасымен бірге Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу арнасының жолын кескені туралы хабарлаған еді.

Пікірлер