Маңғыстауда мұнайшылар мереке қарсаңында сыйақы беруді талап етуде

5422
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

"Ақтаурантехсервис" ЖШС қызметкерлері Ұлттық мереке қарсаңында өздеріне сыйақы берілуін талап етеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Олар Маңғыстау облысындағы Жетібай және Қаламқас кен орындарында жұмыс істейді.

Жұмысшылардың сөздерінше, мұнай компаниялары қызметкерлеріне 50 АЕК төлеп қойған. Мұнайшылар "Қазмұнайгаз" мен "Маңғыстаумұнайгаз" басшыларынан өздеріне де осындай жағдай жасауды талап етеді.

"Біз, дала еңбеккерлері, мұны әділетсіздік деп санаймыз. "Қазмұнайгаз" және "Маңғыстаумұнайгаз" компаниялары мұнай саласындағы өз қызметкерлеріне берілген ақыларын біз де алуымыз керек деп санаймыз. Сондықтан "Ақтаурантехсервис", "ТрансАвис" және "ҚаламқасГаз" ЖШС-нің барлық жұмысшылары мерекелік cыйақы төлеуді талап етеді!", - делінген бейнемәлімдемеде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер