Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды

2667
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды. Бұл туралы polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полицияға қала тұрғыны намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонының ұрланғанын айтып, шағым түсірген. Ол смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған екен. Полицейлер бейнебақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай облысының 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

“Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алыпсатарларға сатып үлгерген. Полицейлер оның мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады”, - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ер адам кінәсін мойындады.Ол  қазір уақытша ұстау изоляторында жатыр.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер