Талдықорғанда жарылыс болды

2320
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Талдықорғанда таңғы 05:00-те жарылыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар­­ 24-ке сілтеме жасап.

«Жарылыстың дыбысы қаланың екінші бөлігіне дейін естілді. Оқиға Желтоқсан көшесіндегі кәсіпорынның аумағында болды. Салдарынан 50 шаршы метрлік нысанның қабырғасы құлап, шатыры опырылды. 20 шаршы метр жер отқа оранды. Оқыс оқиғаның кесірінен 1982 жылғы жігіттің бетін және қолын күйік шалған. Мамандар күзетші отыратын контейнерге газ жиналып, дүмпу тудырған деп болжам жасап отыр. Қазір оқиға орнында тексеріс жүргізілуде»,–делінген хабарламада.

Пікірлер