Қазақстан шекарасынан 20 ауған азаматы заңсыз өтіп кеткен

3661
Adyrna.kz Telegram

2022 жылғы 13 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Алматы қаласының прокуратурасымен бірге Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ҰҚК Шекара қызметі «Боран» арнайы бөлімшесін қолдана отырып өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орта Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған шетелдік азаматты 1,5 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны алу кезінде ұстады. Өткізілген тінтудің нәтижесінде бірнеше қазақстандық ұйымдардың мөрлері, 20 ауғандық төлқұжат, туу туралы куәліктер мен ҚР азаматтығы мен елде тұруға ықтияр хат алуға, тіркелуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар алынды»,—делінген хабарламада.

Аталған факт қылмыстық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тіркелді.

Ұсталған адам Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер