Мультимедиа

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкірмен онлайн-конференция

09.11.2018
6932

Бүгін Адырна ұлттық порталының жаңадан ашылған студиясында әлқисса сұхбат өтті. Кемшіліктер болса, бірінші өзіміз байқайық деген ниетпен, алғашқы қонақты да өз арамыздан сайладық. Портал редакторы Арман Әубәкір бірлестіктің кешегі, бүгінгі, болашақтағы жұмыстары туралы әңгімеледі. Танымал, білікті, тәжірибелі журналист Сәуле Әбілдаханқызы алдағы сұхбаттарды да жүргізеді. Елімізге белгілі, сөз саптауы берік қайраткерлерді енді «Адырнаның» ұлттық порталының студиясында апта сайын біртіндеп қонаққа шақырамыз. Бізден тек жақсы хабар күтіңіздер.

Пікірлер