Манайдың бәрі қара алтын, жолдың түрі мынау! - депутат (ВИДЕО)

2470
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов Атырау облысына жұмыс сапармен барып, өңірдегі жол мәселесін көтерді. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

"Міне, мынау Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстаудағы жолдың жағдайы осы. Манайдың бәрі кен орын, қара алтын… Жолдың түрі мынау! Көлікпен емес, танкпен жүретін жол! 4 жыл болды. Жырлаған жол осы! Әзірбайжан 6 айда халықаралық әуежай салып тастады. 8 ай ішінде Қарабақтың басына дейін жол салып тастады. Соғысып… Оны босатып алып… 1 жылдың ішінде бәрін салып тастады. Бізде 4 жылда салынып жатқан жол міне… Мынандай жолмен көлікті қойып, тіпті атпен жүру қиын! 2021 жылдың аяғында бітуі керек жол болатын… Шіріген Қазақстанның бір бөлігі осы болып тұр…",-  дейді Берік Дүйсенбинов. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер