«Елім деп соққан жүрегі»

2916
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі, белгілі педагог және мемлекет қайраткері Шәмша Беркімбаеваның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған еске алу іс-шаралары аяқталды. NIS Шәмша Көпбайқызымен дос болған, бірге оқып, қызмет атқарған тұлғалардың басын қосты.

Ауқымды шараның Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ашылуыныңтерең мағыналық мәні бар. Тәуелсіз Қазақстанда жоғары оқу орынның табысты жандануы 2003 жылы Шәмша Көпбайқызы ректор болып тағайындалған кезде басталды.Ұстаздың жетекшілігі мен ерік-жігерінің арқасында университетте Студенттер үйі құрылды, ал мерейтой аясында оған ресми түрде Шәмша Беркімбаеваның есімі берілді.Отбасылық мұрағаттағы қолжазбалар, кітаптар, құжаттар мен марапаттар университеттің бас ғимараты – Ақтұмар мұражайындағы ұстаздың атын алған орталықта жинақталды.

Шәмша Көпбайқызы аяқтап үлгермеген «Қазақ мектебі – ұлт тірегі» кітабының тұсаукесеріеске алу шараларының басты оқиғасына айналды. Бірегей жинақты NIS Педагогикалық шеберлік орталығы толықтай әзірлеп, өздерінің полиграфиялық кешенінде басып шығарды.

– «Қазақ мектебі – ұлт тірегі» еңбегі – бүкіл саналы ғұмырын отандық білім беруге, оның ішінде ауыл мектебіне арнаған Шәмша Беркімбаеваның ұстаздық өсиеті, – деп атап өтті Шәмша Көпбайқызымен ұзақ жылдар бірге қызмет еткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дипломат, ғалым, журналистҚуаныш Сұлтанов.

Сондай-ақ NIS Педагогикалық шеберлік орталығы Шәмша Беркімбаеваның өмірі мен мұғалімдік қызметіне арналған «Шамшырақтай туған елдің Шәмшасы» деректі фильмін түсірді.

– Бүгінде еліміздің жүздеген мұғалімі өзінШәмша Беркімбаеваның шәкіртімін деп атай алады. Шәмша Көпбайқызының өмір жолы –мектепке қызмет етуді мақсат еткен нағыз ұстаздың лайықты үлгісі. Шәмша Көпбайқызымен әріптес және дос болған жандар оның бойынан мемлекет мүддесін қамтамасыз ету, мамандыққа адал болу, әдептілік пен сенімділік секілді қасиеттерді көре білді, – деп мойындады «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Өз ісінің нағыз маманы Шәмша Беркімбаева туралы университет мінберінде ұстаздың достары мен әріптестері – ҚазақстанРеспубликасының Еңбек Ері Аягүл Миразова, педагогика ғылымдарының докторы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА бас ғылыми қызметкері Жауымбай Қараев, Қызылорда педагогикалық училищесінде Шәмша Көпбайқызымен студенттік кезден құрбыболған белгілі ұстаздар Роза Киікбаева, Қуанышкүл Меңдеяқова, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, дәрігер-анестезиолог Гүлзада Ізбасарова, сондай-ақ қыздарпедагогикалық университетінің өкілдеріректор Гүлмира Қанаева мен профессорміндетін атқарушы Ләззат Әділбекова өз естеліктерімен бөлісті.

Жиында айтылған әрбір сөз ШәмшаБеркімбаеваның қатардағы ұстаздан министрге дейінгі табысты кәсіби мансабының заңдылығымен оның адами талантын растады.

Еске алу іс-шаралардың қорытындысы әр жылдары Шәмша Беркімбаеваға арналған өлеңдер мен әндерден құралған концерттік бағдарламамен ұласты.

Пікірлер