Путин мобилизацияның қашан аяқталатынын айтты

3214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/2a474088-b839-4e7e-8658-d9ec3886a1dc.jpeg
Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация шамамен екі аптадан кейін аяқталатынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мобилизация сапасын арттыру керек. Ол шамамен 2 аптадан кейін аяқталуға жақын. Қорғаныс министрлігінен мобилизация бойынша жаңа ұсыныстар түскен жоқ және жоспарланбайды»,—деді басшы.
Айта кетейік, елде жоспарланған үш жүз мың адамның 222 мыңы мобилизацияланған.
Комментарии