БҚО-да ер адам өз ұлын пышақтап өлтірді

3776
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/4be1610c-f009-40b3-b631-eb0929eac5d1-960x500.jpeg?token=1feeadc4d3713cfc0f6fd5c60c5479a7
Батыс Қазақстан облысында ер адам өз ұлын өлтірді. Бұл туралы жергілікті «Мой город» порталы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қайғылы оқиға 11 қазан күні сағат 22:00-де Ақжайық ауданында болды. Олардың арасында жанжал болып, соңы кісі өлтірумен аяқталған. 65 жастағы әке 42 жастағы ұлын басы мен мойнынан пышақтаған»,—делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Комментарии